Танымал блогер, бортсерік Камила Саян Jimmy Choo туфлиін сатып алуға не себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бір болайық" бағдарламасының жүргізушісі, танымал блогер Камила Саян жақында "Мамский әңгіме" бағдарламасында қонақта болды. Подкаст жүргізушісі Айнұр Ілиясова блогерден 2022 жылы қымбат бренд алатын адамдарды сынап пост жазған Камиладан 600 мың теңге тұратын Jimmy Choo туфлиін сатып алуға не себеп болғанын сұрады.
"2022 жылы пост жазғанда тойота мініп жүріп бренд алған не деген байлық? Мен оның орнына пәтер алайын, көлік алайын" деп жазыпсың. Қазір осы туфлиді өз ақшаңа алдың ба?", - деп ашық сұрақ қойды жүргізуші.
"Өз ақшама алдым. Қазір блогерлер арасында бренд зат алу сәнге айналды ғой. Алуға жағдай соңғы екі жылда бар. Бірақ артымнан өсіп келе жатқан сіңлілерім бар, ата-анам бар деген сияқты. Солардың жағдайларына жасай беріппіз. Екі әкемізге көлік мінгіздік. Анама үй алып бердім деген сияқты. Жер сілкінісі болған соң 5-қабат қауіпті де басқа үй әпердім", - деді Камила Саян.
Jimmy Choo туфлиін алу тарихымен де бөлісті блогер.
"Бір күні сіңлім бір пост жібереді. 15-і күні туған адамдар ақшалары еселенуі үшін қымбат киімдер алуы керек деген. Мен қатты қымбат киінбесем де орташа бағадағы, ойға қонымды дүниелер аламын. Неге өзімді бір қуантып қоймасқа деп алған жайым бар. Оның үстіне тұрмысқа шығып жатқан кезде әйгілі продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек Jimmy Choo туфлиін көрсеткен. Ол кезде ол да ұзатылып жатқан болатын. Сол образы қатты есімде қалып қойды. Ол кезде "мә саған" деп ала салатын ақшам болмады. Бәрі тұспа тұс келіп қалды. Бір құрбым Еуропада байер боп, брнед заттар сататын. Оған да көмек болсын деп жарайды алайыншы деп тапсырыс бердім. Алғашқы ауыр люкс брендім осы", - деді Камила Саян.
Айнұр Ілиясқызы декреттен шыға салып ауыр люкс алуға қаражатты қайдан алғанын да сұрады.
"Мен еңбекқормын. Төрт жерде жұмыс істеймін. Бірі - Air Astana компаниясы. 6,5 жыл жұмыс істеп келемін. Аға бортсерік болдым. Енді жұмысқа шығайын деп ойлағанда екінші баламды көтеріп, декретім жалғасып кетті. "Бір болайық" жобасында жүргіздім. "Қайт" деп жатыр қазір. 4 ай болды косметика компаниясында істеймін. Блогерлікті қатар алып жүрмін",- деп жауап берді блогер.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!