- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Борис Джонсон отставкаға...
Борис Джонсон отставкаға кетеді - БАҚ
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон он шақты министр отставкаға кеткеннен кейін қызметінен кететін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz Business Insider сайтына сілтеме жасап.
Тори партиясының он шақты парламент мүшесі, оның ішінде бұрынғы канцлер Риши Сунак пен денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид үкіметтен шыққаннан кейін Джонсонның отставкаға кететіні хабарланды.
Басылым мәліметінше, Джонсон Консерватив партияның жетекшісі қызметінен кетеді, бірақ "партиялық конференцияға жаңа көшбасшы тағайындалғанға дейін премьер-министр болып қала береді".
Инсайдерлердің айтуынша, премьер алдағы сағаттарда қызметінен кететінін жариялайды және халыққа үндеу жасайды.
С. Сатыбалдина"Бір дереккөз Даунинг-стриттегі кейбіреулер отставкаға кету туралы мәлімдеме дайындап жатыр деп мәлімдеді, бірақ премьер-министр оны оқи ма, жоқ па, белгісіз, басқалары Борис Джонсон қызметінен кетпейтініне сенімді", - делінген хабарламада.