«Неміс өкілдері әскери операцияға дейін-ақ «бәрі тез бітіп, Украина тезірек өз еркімен берілсе» деп сенді». Бұл сөзді Джонсон айтты. Бірақ нақты кім екенін атамай. Мәскеу операцияның барлық мақсаттар орындалған соң бәрі аяқталатынын бірнеше рет айтқан.
Ресейдің арнайы операциясы басталғанға дейін Германия Украинаның тез жеңілетініне үміттенді, деп мәлімдеді Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон CNN телеарнасына берген сұхбатында.
«Немістердің белгілі бір кезеңдегі ұстанымы осылай болды: Егер бұл апатқа әкелетін болса, бәрі тез аяқталып, Украина мойынсынса жақсы болар еді», - деді ол.
Неміс өкілдері өз ұстанымдарын «бұлтартпас экономикалық себептермен» түсіндірді», - деп қосты саясаткер. Франция билігі, экс-премьердің айтуынша, қарулы қақтығыс болуы мүмкін дегенді «соңғы сәтке дейін жоққа шығарған». Ол нақты қай шенеунік туралы айтып жатқанын нақтыламады.
Cұхбатта өзге де тақырыптар талқыланды.