Ақмола облысында жаңа туған нәрестеге құтқарушының есімі берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында боранды күні анасы мен ұлын тауып алып, құтқарған Ерейментау ауданы ТЖБ бастығының құрметіне оның есімі берілді. Бұл оқиға 10 қаңтарда болған. Ол кезде әйел жүктіліктің 35-аптасында болған.
22 қаңтарда Амангелді Доскеновке осы отбасының жақыны қоңырау шалып, әйелді ауруханадан шығарып алу рәсіміне шақырған.
"Балаға құтқарушысының құрметіне Амангелді есімі берілді. Дүниеге аман-сау келген Амангелді отбасындағы жетінші бала. Баланың ата-анасының айтуы бойынша, 7 саны қазақтар үшін ерекше, қасиетті сан", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз