- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Боранда далада жүрген...
Боранда далада жүрген медицина қызметкерлері Желіні тәнті етті
Фото:
видеодан кадр
Ақтөбе облысындағы қарлы боранға қарамай науқастарға жедел жәрдем көрсетіп жүрген медицина қызметкерлерінің видеосы Желіні тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел жәрдем фельдшерлері кейде қолайсыз ауа райында науқастарына қалай жететінін видеоға түсіріп алған. Ақтөбе облысының Хромтау қаласының үш жедел жәрдем қызметкері науқасқа 1 сағат бойы жете алмаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Миллиондаған ақшаны жылы кеңседе отыратындар емес, осындай қызметкерлер алу керек", "Біреуге көмектесемін деп өз денсаулықтары кетіп жатыр ғой", "Жарайсыңдар", "Көпшілік осылардың еңбегін түсінбейді", - деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.
Еске салайық, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласы аумағында ауа райына байланысты төтенше жағдайлар тіркеліп жатыр.
А. Жапатова