"Phystech II" АҚ көмірсутек өндіру компаниясы Қазақстанға 100 пайыз акциясын сыйға тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі KASE-ке сілтеме жасап.
KASE Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған компания акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының 4 қазандағы шешімі туралы хабарлады.
Дауыс беретін акциялардың 99,28 пайызы "КазСтройПроект-А" ЖШС-ға, ал 0,72 пайызы Қайрат Боранбаевқа тиесілі.
"Акционерлер мемлекеттік органдардың балансына қоғамның 13 749 100 жай акциясын мемлекет пайдасына өз еркімен және өтеусіз беру туралы шешім қабылдады. Жалпы бағаланған құны - 35 миллиард 417 миллион 122 мың теңге", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, "Phystech II" АҚ Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орнында мұнай мен газ барлайтын және өндіретін компания.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз