- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Боранбаев қауіпсіздігі орташа...
Боранбаев қауіпсіздігі орташа колонияға ауыстырылды
Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев Ақмола облысындағы қауіпсіздігі орташа колонияға ауыстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Сіз айтып отырған азамат ЕЦ-166/1 мекемесінен 11 қазанда шығып, 12 қазаннан бері Ақмола облысындағы қылмыстық-атқару жүйесінің №7 (Гранитный ауылы) қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Алғаш рет сотталғандар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемелерге өтеуге жіберіледі", - деп хабарлады олар Қылмыстық атқару жүйесі комитеті.
Еске салайық, былтырғы наурыз айында Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеуді бастаған еді. 17 наурызда Астана соты Қайрат Боранбаевтың қамауға алынғанын хабарлады.
31 наурызда сот Қайрат Боранбаевты Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша кінәлі деп тапты:
- 28, 5-бөлігі ("Қылмыс жасауға жәрдемдесу");
- 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы ("Өзгенің мүлкін иемдену немесе жымқыру, яғни аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау");
- 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)").
Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Кейін Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 29 маусымдағы қаулысымен Қайрат Боранбаев пен оның ісі бойынша басқа да айыпталушылар: Роман Наханов пен Тайыр Жанұзаққа қатысты үкімнің күші жойылды. Қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың қаулысы бойынша апелляциялық тәртіпте қаралуы керек еді.
Боранбаев мемлекетке жалпы құны 90 миллиард теңге болатын тағы бірнеше мүлікті еркімен аударған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан