Қазгидромет 18, 19, 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Боран, көктайғақ
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұған себеп - кезекті циклон. Сондықтан жаңбыр, қар жауып, солтүстік өңірлерде боран соғып, көктайғақ болады.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, сондай-ақ, 19-20 қарашада шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
Ауа температурасы
Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Тек шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 6-23 градус аязға дейін төмендеп, күндіз термометр бағаны 2-10 градус жылыны көрсетеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова