- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Боран, көктайғақ. Алдағы...
Боран, көктайғақ. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері барикалық түзілімдер тез өзгеруіне және атмосфералық процестер шиеленісуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Солтүстікте, орталықта, шығыста қар жауады.
22-24 қарашада елдің оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады. 23 қарашада шығыста қатты қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түседі. Ал елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында боран болады деп күтіліп отыр. Түнде ауа температурасы солтүстікте, шығыста және орталықта 17-28 градус аязға дейін төмендейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова