Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері 7 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін таңертең Бурабай кентінде қатты боран салдарынан 7 жолаушысы бар жеңіл автокөлік жол шетіне сырғып, өздігінен шыға алмаған.
ТЖМ қызметкерлері құтқарылғандарды Щучинск қаласының жылыту пунктіне эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.
"Жолдың шетіне көлікпен сырғып кеттік. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, ауа райының қолайсыздығынан алыс жолдарға шықпауға тырысыңыз. Бізде жағдай жақсы, рақмет сіздерге", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!