“Боран“ иесі Дәурен Мұсаға неге іздеу жарияланды?

“Боран“ иесі Дәурен Мұсаға неге іздеу жарияланды?
Фото: instagram.com/dauren.mussa

Қазақстандық кәсіпкер және "Байқоңыр зымыран-ғарыш корпорациясы" АҚ бас директоры Дәурен Мұсаға халықаралық іздеу жарияланды. Ол Байқоңыр ғарыш айлағында сақталған "Боран" екінші ғарыш кемесі мен оның макетінің иесі ретінде танымал, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталының мәліметінше, Дәурен Мұса 26 қарашадан бері іздеуде.

qamqor.gov.kz сайтынан скриншот

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Дәурен Мұсаға Алматы қалалық ІІД криминал полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша іздеу жариялаған.

"Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Еске салайық, 2011 жылы Мұса "КРИСП Аэлита"" АҚ акцияларының 49,5 пайызын сатып алып, кейін "Байқоңыр" ЗҒК атауын өзгертіп, "Борандар" компаниясына иелік ететін компанияның 80 пайыз акциясының иесі атанды.

2020 жылы "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин "Боранды" сатып алып, Ресейдегі космонавтика мұражайына орнатуға ниет білдірді. Бұған жауап ретінде Дәурен Мұса бұл мәселені талқылауға дайын екенін айтып, "бұл - біздің ортақ тарихымыз" деп баса айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек