Боран, аяз: Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Боран, аяз: Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" Алматы мен Астанада 9-11 қаңтар аралығындағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

9 қаңтарда Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, түнде аздаған қар жауып, бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан, жылдамдығы 9-14, кейде екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -19...-21°C, күндіз -5...-7°C.

10 қаңтарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -5...-7°C.

11 қаңтарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-батыстан, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз -5...-7°C.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

9 қаңтарда Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -1...-3°C.

10-11 қаңтарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз 0...-2°C.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә