Әлеуметтік желілерде қара кроссовер дүкеннің сауда залына кіріп кетіп, ішін астаң-кестең еткені түсірілген видео тарады. Оқиға Алматы облысының Боралдай кентінде болғаны айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодан біреу көлік иесіне дауыс көтеріп сөйлегені естіледі:
- Көлікті қалай-қалай айдайсың? Массың ба өзі?
- Ұстамам ұстады…
- Ұстама дейсің бе? Онда рөлге неге отырдың?!
Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді:
"Жүргізуші жауапқа тартылды. Оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы тексеру барысында анықталды".
Апаттың себептері, зардап шеккендер және келтірілген шығын көлемі туралы әзірге хабарланған жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!