“Бөпені не істемекшісің?“. Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуімен қарым-қатынасы туралы

“Бөпені не істемекшісің?“. Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуімен қарым-қатынасы туралы
Фото: instagram.com/merekusha.k

Танымал блогер, жайдарманшы Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жолдасымен қыз бен жігіт болып жүрген кездерін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол алғашында бұл қарым-қатынасты мүлде байыпты қабылдамаған.

"Арсеннің бұрынғы түрі потолок, иә?
Арықтығын қараңыздаршы. Бәйтеректің жанындағы бағана екеуі егіз сияқты. 
-30 келі салмақ тастап, өзгерген кезімде маған көп жігіт әңгіме айта бастады. Вариант көбейіп кетті. Ал мен ол кезде Арсенмен жүріп жүрмін. Бірақ ешкімге айтпаймыз, себебі екеумізде "өтірік" деп ойлап жүрміз. Бір күні бір жігіт "Мен сені жақсы көремін, жүрейікші, үйленемін" деп қоймаған соң Арсенмен жүретінімді айттым. Ол Арсеннің түрін көріп, шок болып, "Бөпені не істемекшісің?" дегені есіме түсіп кетті. 
Ол кезінде байқалмаған, қазір қарасам, шынымен бөпе болған екен ғой.
Мен Арсеннің қылтырықтай болғанына мүлде мән бермеппін. Жасқаншақтану дегенді ойламаппын да. Қалай бар, солай жақсы көргем ғой", - деп жазды ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә