Астанада такси жүргізушілерін алдап жүрген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екі астаналық полицияға келіп, оларға қатысты жасалған алаяқтық туралы хабарлады. Такси жүргізушілерінің айтуынша, қаскөй қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, содан кейін "Яндекс.Такси" қосымшасынан жүргізушінің бонустарын банк шотына аударып алған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында бұрын осындай қылмыстары үшін сотталған 28 жастағы әйел ұсталды. Сонымен қатар, әйелдің басқа такси жүргізушісінен сөмкесін ұрлағаны анықталды, онда құжаттар, сымсыз құлаққаптар, ақша және жәбірленушінің сағаттары болған.
Ұрлық пен алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам Астана ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!