- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Бомжсың“: Атырауда блогерлер...
“Бомжсың“: Атырауда блогерлер келемеждеген күзетшінің қан қысымы көтеріліп, қайтыс болды
Атыраудағы Мемлекеттік сараптама орталығының күзетшісі қан қысымы көтеріліп, көз жұмды. Бұл туралы адвокат Айнұр Балакешова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік мекеменің 56 жастағы күзетшісі Хәкім Иманиязовқа өздерін блогер деген келушілер ауыр сөз айтқан. Салдарынан күзетшінің денсаулығы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақырылған. Ал бірнеше аптадан кейін ол қайтыс болды.
Адвокат мәліметінше, блогер мемлекеттік мекемеге кірмек болған, бірақ күзетші турникеттен өтуге рұқсат бермеген. Олар ғимаратта өрт қауіпсіздігі саласындағы бірқатар заңбұзушылықты көргенін айтып, мекеменің сыртында еліміздің туы ілінбегенін алға тартқан.
"Мына жерді қараңыз, заң бұзылып тұр. Ту жоқ, дым жоқ. Сәлеметсіз бе, іште кім бар? Бізге басшы керек. Өрт сөндіретін құрылғылар да істемейді. Ашық қой, кіре беруге болады. Сіз кімсіз? Қолым-ай. 102 шақырыңдар. Кімсіз өзі? Маған жала жапқаныңыз үшін арыз жазамын. Қолыңды тарт!" - дейді видеодағы әйел.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видеода күзетші әйелді мекемеден шығармақ болады. Алайда әйелге ер адам жақтасып, күзетшіге "Кімсің өзі? Бомжсың ба? Еркек емессің!" дейді.
Ауруханаға түскен ер адам бірнеше күннен кейін жан тапсырған. Күзетші Хәкім Иманиязов 56 жаста еді. Артында екі ұл, бір қызы қалды.
Рatriot тілшілері күзетшінің жесірімен телефон арқылы сөйлескен. Мәриям қызметте жүрген күйеуіне тіл тигізген екі адамды жауапқа тартпақ.
Полицейлер Мемлекеттік сараптама орталығы блогерлерге қатысты арыз жазғанын растады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек