Бомба туралы хабарлап, Ақтауды дүрліктірген адам жасөспірім болып шықты

Ақтауда бомба туралы жалған хабарлама таратқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

25 қазанда Telegram мессенджеріндегі 1414 арнасына Ақтаудағы сауда-ойын-сауық орталығында жарылғыш зат бары туралы хабарлама түскен.

polisia.kz

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

"Жалған хабарлама таратуға қатысы бар жасөспірім ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді ІІМ өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!