- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бөлтіріктерді қорлап өлтіргендер...
Бөлтіріктерді қорлап өлтіргендер ұсталды
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының табиғатты қорғау полициясы шілдеде бөлтіріктерді қорлап өлтірген ер адамдарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, бөлтіріктердің аяусыз өлтірілгені видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде 13 шілдеде жарияланған.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Мойынқұм аудандық табиғатты қорғау полицейлері жергілікті екі тұрғынды ұстады, олар 19 және 22 жаста. Тергеу барысында олар кінәларын мойындап, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, оларға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін (500 АЕК - шамамен 1 миллион теңге) немесе тоқсан күнге дейін қамалады.
Еске сала кетейік, видео әлеуметтік желілерде 13 шілдеде жарияланды. Кадрдан белгісіз үш ер адамның даладан табылған алты бөлтірікті қорлап өлтіргені көрсетіледі.