Ресейде Уфа қаласында жантүршігерлік қылмыс болды. Ресейлік азамат бұрынғы сүйіктісінің жаңа жігітін айуандықпен өлтіріп, денесін бөлшектеп, орманға лақтырып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі SHOT телеграм арнасына сілтеме жасап.
Telegram арнаның хабарлауынша, оқиға жаңа жыл алдында болған. Владислав есімді 36 жастағы жәбірленуші өткен жылдың 27 желтоқсанында жоғалып кеткен. Әпкесінің хабарлауымен іздеу басталып, іс ұзаққа созылды.
Шамамен екі аптадан кейін Владиславтың денесі табылып, іске оның сүйіктісінің бұрынғы жігітінің қатысы бар екені белгілі болды. Күдікті тергеліп, Владиславты өлтіргенін мойындап, бұрынғы қызын жаңа жігітінен қызғанғанын айтқан.
Жанжалға ұласқан оқиғадан кейін Владислав қаза тапқан. Ер адам кісі өлтіру ізін жасыруды ұйғарып, жәбірленушінің денесін бөлшектеп, содан кейін оны сөмкелерге бөліп, орманға жасырған.
Оқиғаның егжей-тегжейі әлі де тергеліп жатыр деп хабарлады жергілікті полиция. Күдікті қазір қамауда отыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!