- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бөлінген аяғымды көріп...
"Бөлінген аяғымды көріп шошыдым". Алматылық әйел ақша табамын деп мүгедек бола жаздаған
Алматы қаласының тұрғыны Зиада Меңлібаева құрылыста құлап, мертігіп қалған. Оның айтуынша, тамыздың соңында жұмыс беруші компанияның нұсқауымен жаяу жүргіншілер өтпесінде жөндеу жүргізген. Ол жергілікті әкімдік асықтырған соң қабырғаны сылаймын деп сынып тұрған баспалдаққа шығып, жерге құлағанын жеткізді. Алған жарақаты тым ауыр екен. Сүйегі ортасынан бөлініп кеткен. Төсекке таңылған Зиада "Қыздар-Ай" студиясына өз шындығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зиаданың сөзінше, бұл жұмысқа құрылыс жасайтын бригада басшысы Алмас есімді жігіт шақырған. Ал оқыс оқиғадан соң компания басшылары "бар көмекті Алмастан аласың" деген.
"Көзімді ашсам, сүйек айырылып кеткен, қан су болып кетіп жатыр. ...Аяқпен секірдім. Баспен құлағанда ақыл-есім кем болып қалам ба деймін немесе беліммен түскенде, аяқ-қолым істемей қала ма деймін... Ағаш темір келіп айырып жіберді. Скорый шақырмай-ақ қой, өзім Қалқаманға апарамын" деді бригадир бала. Өзім шошып кеттім. ... Бір кезде скорый келді. Қан тоқтамай жатыр", - дейді сол күнгі оқиғаны есіне алып.
38 жастағы Зиада 10 жылдан бері осы салада жүр екен.
"Туыстарым Өзбекстанда. Анам көзі көрмей қалды, бір көзін алып тастадық. Сөйтіп, қатты стресс алдым. Әкем инфаркт. Соған анама, көзін ашуға жұмыс істейін деп ақшаны алып жіберейін дегенмін. Дәрілері бітіп жатыр. Өзім де жоғарыға жанталасып шығып кеттім. Екі-үш рет "мынау сынады, адамның өмірімен ойнамаңдаршы" дедім бригадир балаға. Сол жердегі комиссия да естіді. ...Құлаймын деп ойлаған жоқпын", - дейді ол.
Алматы тұрғыны заңды жағынан ешқандай келісімшартқа отырмағанын, енді дәрі-дәрмекке де ақшасы тапшы болып жатқанын жеткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова