Ақтөбеде жазатайым оқиға болды. Бес жасар бала терезеден құлап мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бала бөлмесінде ойнап жүріп, көп қабатты үйдің жетінші қабатының терезесінен абайсызда құлап кеткен.
"Жазатайым оқиға салдарынан алған дене жарақатынан бала оқиға орнында қаза тапты. Өкінішке қарай, мұндай оқиға биыл облыста бірінші рет емес. Жыл басынан бері жеті жасөспірім бала терезеден құлады, салдарынан бір бала көз жұмды", - деп жазылған өңірлік ПД хабарламасында.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін еске салады:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз