Бөлмені пердемен қараңғылау денсаулыққа несімен қауіпті?

Бөлмені пердемен қараңғылау денсаулыққа несімен қауіпті?
Фото: diana.grytsku/Freepik

Күн суытса, ауа райы ылғалданып, терезелер терлей бастайды. Жоғары ылғалдылық сіздің үйіңізді өмір сүруге ыңғайсыз етіп қана қоймай, денсаулыққа да кері әсерін тигізеді. Мысалы, ылғалдан ламинат, фанера, гипроктан улы газ формальдегид бөлінеді. Лидия Голубенко ол тамағыңызды қышытып, көзіңізді қызартып, жөтел, жүрек айнуын және теріде тітіркенуді тудыруы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Ең маңыздысы - көгеру

Ылғалдылықтың жоғары деңгейінде инфекциялардың дамуымен қатар қабырға көгеріп, тұрмыстық шаң кенелері белсенді түрде көбейеді. Мұның бәрі аллергияның өршуіне, астмаға, жөтелге және басқа белгілерге әкелуі мүмкін. Ылғалдылық деңгейі жоғары болса, жағымсыз қара және сұр Bipolaris зеңі пайда болады. Саңырауқұлақтар бірден көрінбеуі мүмкін, оның көрінбейтін споралары ауада байқалмай ұшып жүре береді. Мұндай пәтерде тұратын адамдар үнемі синуситтен зардап шегеді.

"Кейінірек қабырғаларда саңырауқұлақтардың іздері пайда болған кезде, тұрғындар тыныс алу, жүйке жүйесінің бұзылуы секілді мәселелерге тап болады", - деді дәрігер Лидия Голубенко.
 

Пәтер иесі күніне кем деген бір рет терезені ашып ауаны тазартпаса, пердені үнемі қымтап жауып тастаса, үйде ылғал деңгейі жоғарылап, нәтижесінде Cladosporium зеңі пайда болады.

"Бұл саңырауқұлақтың бір бөлігі өнімдерді бүлдіреді, кітап, сурет, киімдерді зақымдап, жағымсыз көргенген иіс шығып тұрады. Саңырауқұлақтың бұл тобы күшті аллергендік күшке ие. Олар тері ауруы мен өкпе мәселесін, сондай-ақ жылау, сағыныш және депрессия сияқты психикалық бұзылуларды тудырады", - дейді Лидия Голубенко.

Үйдегі ылғалдылықты қалай жоюға болады?

  • Қысқа уақытқа терезелерді ашып, үйдің ауасын жиі тазалап тұрыңыз;
  • Ылғал деңгейі жоғары жерлерді тексеріп тұрыңыз;
  • Шкаф пен сөрелерді шашпай, тазалықта ұстаңыз.

"Ауа температурасы төмендегенде үйдің жылуы сыртқа шықпасын деп терезелерді бітеп, перделерді жауып тастаймыз. Бұл қателік", - дейді Mirror басылымының сарапшысы Дэйв Джонсон. 

Cарапшы Андрей Рудневтің айтуынша, пәтердегі ылғалдылық деңгейін қалыпқа келтіру үшін ең алдымен терезені ашып, ауаны тазартып тұру қажет. 

Айта кетейік, бұған дейін үйдің қабырғасы неге көгеретінін хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Әріптеске қандай гүл сыйлау керек?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә