Болгар жазушысы Букер сыйлығын иеленді

Болгар жазушысы және ақыны Георгий Господинов "Баспана" романы үшін 2023 жылғы Букер халықаралық сыйлығын иеленді. Бұл туралы сыйлықтың ресми сайты хабарлады.

Болгариялықтың "Баспана" романы 2020 жылы жарық көрді және Анджела Роделдің тәржімасымен 2022 жылы ағылшын тіліне аударылды. Роман Альцгеймер ауруымен ауыратын науқастарды емдейтін емхана туралы баяндайды.

"Ирония мен меланхолияға толы тамаша роман. Бұл өте заманауи сұрақты қозғайтын терең шығарма: есте сақтау қабілетіміз жоғалған кезде не болады? Георгий Господинов жеке және қоғам тағдырын тепе-теңдікті сақтай отырып, ғажайып түрде суреттейді", - дейді қазылар алқасының жетекшісі Лейла Слимани.

Господиновтың айтуынша, ол кітапты әлемде популизмнің күшеюі және АҚШ пен Еуропада ойналып жатқан "өткен тарих" картасы аясында жазуға шешім қабылдаған.

"Мен коммунизм дәуірінде "болашақты" сатқан жүйеден келдім. Қазір екпін өзгерді, ал популистер "тарихты" сатып жатыр", - дейді жазушы.

Айта кетейік, Господинов 1968 жылы Болгарияда дүниеге келген. "Баспана" оның үшінші романы.