- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бөлек жеген дұрыс"....
"Бөлек жеген дұрыс". Мамандар саңырауқұлақ мен ірімшікті неліктен бірге тұтынбаған абзал екенін айтты
Кейбір өнімдерді бірге жеуге болмайды, өйткені олардың құрамындағы белсенді заттары үйлеспей, керісінше, теріс әсер тудыруы әдбен мүмкін. Бұл туралы Елена Малышева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жить здорово!" сілтеме жасап.
Маманның сөзінше, көп адамдар бірге жейтін саңырауқұлақ пен ірімшікті араластырмаған абзал. Олар көбінесе салаттарда, түрлі тағам және жюльенде бірге жүреді. Оларды бірге жеу денсаулыққа қауіп төндірмейді, алайда құрамындағы белсенді заттар үйлеспей, бірінің күші екіншісін жояды.
Ал офтальмолог Михаил Коновалов көру қабілетін жақсарту үшін родопсинді қалпына келтіру керегін айтады.
"Жарық түскенде радопсин жұмсалады, электр сигналы пайда болады, ол миға түседі, осылайша біз көреміз. Мырышсыз қалыпты көре алмаймыз", - деді офтальмолог.
Ал мырыш саңырауқұлақтарда көп кездеседі. Сонымен қатар, мырыш сперматозоидтардың қозғалғыштығын арттыруға жақсы көмектеседі. Ол жыныс жасушасының құйрығына оң әсер етіп, оның жалпы қозғалыс жылдамдығын арттырады.
"Иммобилизацияланған сперматозоид - бұл бедеулік. Ал мырыш оған супер элемент", - деп қосты Елена Малышева.
Ал сүт өнімдері, оның ішінде ірімшікке келетін болсақ, оның құрамында кальций көп. Кальций сүйектің қалыпты, жақсы әрі тұтас болуы үшін қажет.
Мұндай тағамдарды біріктіріп жеудегі басты мәселе - кальций мен мырыш қанға сіңу үшін бір арнаны пайдаланады. Олар бірге осы арнаға кіріп, бір-бірімен бәсекелесе бастайды.
"Яғни, олар бір-бірінің сіңуіне жол бермейді, кедергі келтіреді", - деп қосты маман.
Тағы да оқи отырыңыздар: 1 мамыр мерекесіне әдемі тілектер
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә