Болат Назарбаевтың отбасы мүшелері оның мұрагерлік құқығына өтініш берді. Оның қанша мұрагері бар? Мұра қалдырушы өсиет қалдырды ма? Мұра барлық баласына теңдей бөліне ме? Massaget.kz тілшісі бұл мәселені анықтап көрді.
БАҚ беттерінде Болат Назарбаевтың мүлкін бөлуге қатысты ақпараттар тарап жатыр. Bes.media сайтының мәліметінше, Назарбаев мүлкіне оның үлкен ұлы Нұрбол, заңды әйелі Динара мен 13 баласы өтініш білдірген.
"Назарбаевтар отбасының мүшелері мұрагерлікке өтініш білдірген, оның ішінде ұлы Нұрбол, әйелі Динара және басқа балалары бар. Өтініштер бірлесіп сатып алынған мүліктің үлесіне де, заң бойынша мұраның міндетті үлестеріне де қатысты", - делінген хабарламада.
Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеде бұл істі қанша нотариус айналысып жатқанын білуге болады. Сайтта мұрагерлік істі 2 нотариус тіркегені белгілі болды. Бірі - Исабаев Бауыржан, екіншісі - Әсел Жантөлеуова.
Ашық дереккөз мәліметінше, Болат Назарбаевқа қатысты № 1/2024 мұрагерлік істі нотариус Исабаев Бауыржан биыл 3 қаңтарда ашқан. Бұл мұрагерлік іс өсиет бойынша ашылған.
Заң бойынша мұраның міндетті үлесін алуға құқылы мұра қалдырушының балалары:
Massaget.kz тілшісі бұл іске қатысты Республикалық нотариаттар қызметіне сауал жолдады.
Айта кетейік, егер мұра қалдырушы өсиет қалдырмаса, онда мұра заң бойынша басымдығы туыстық дәрежемен анықталатын кезек тәртібінде беріледі.
Gov.kz мәліметінше, бір дәрежедегі мұрагерлерге мүлік тең үлесте бөлінеді.
Еске салайық, Болат Назарбаев 13 қарашада сағат 09.51-де ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз