- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Болат Назарбаевтың мүлкі...
Болат Назарбаевтың мүлкі 14 баласына теңдей бөліне ме?
Болат Назарбаевтың отбасы мүшелері оның мұрагерлік құқығына өтініш берді. Оның қанша мұрагері бар? Мұра қалдырушы өсиет қалдырды ма? Мұра барлық баласына теңдей бөліне ме? Massaget.kz тілшісі бұл мәселені анықтап көрді.
БАҚ беттерінде Болат Назарбаевтың мүлкін бөлуге қатысты ақпараттар тарап жатыр. Bes.media сайтының мәліметінше, Назарбаев мүлкіне оның үлкен ұлы Нұрбол, заңды әйелі Динара мен 13 баласы өтініш білдірген.
- Назарбаев Нұрбол Болатұлы, 1983 жылы 14 қарашада туған, өсиет қалдырушының ұлы, өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтініші бойынша жүгінген.
- Назарбаева Динара Кемелханқызы, 04.12.1986 ж.т., мұра қалдырушының жұбайы, бірлескен некеде жиналған мүліктің 1/2 бөлігін бөлу туралы өтініші бойынша жүгінген.
"Назарбаевтар отбасының мүшелері мұрагерлікке өтініш білдірген, оның ішінде ұлы Нұрбол, әйелі Динара және басқа балалары бар. Өтініштер бірлесіп сатып алынған мүліктің үлесіне де, заң бойынша мұраның міндетті үлестеріне де қатысты", - делінген хабарламада.
Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеде бұл істі қанша нотариус айналысып жатқанын білуге болады. Сайтта мұрагерлік істі 2 нотариус тіркегені белгілі болды. Бірі - Исабаев Бауыржан, екіншісі - Әсел Жантөлеуова.
Ашық дереккөз мәліметінше, Болат Назарбаевқа қатысты № 1/2024 мұрагерлік істі нотариус Исабаев Бауыржан биыл 3 қаңтарда ашқан. Бұл мұрагерлік іс өсиет бойынша ашылған.
Заң бойынша мұраның міндетті үлесін алуға құқылы мұра қалдырушының балалары:
- Болатұлы Болатхан: 7 ақпан 2012 жыл
- Назарбаев Мұхаммед Болатұлы: 21 қыркүйек 2021 жыл
- Назарбаева Еркежан Болатқызы: 2018 жылғы 18 мамыр
- Назарбаев Елнұр Болатұлы: 2013 жылғы 19 тамыз
- Назарбаев Болат Болатұлы: 2014 жылғы 17 қазан
- Назарбаев Акбар Болатұлы: 23 Қараша 2016 жыл
- Назарбаева Нұрбану Болатқызы: 2018 жылғы 9 шілде
- Болатқызы Томирис: 30 шілде 2013 жыл
- Болатқызы Аруназ: 2016 жылғы 30 қаңтар
- Назарбаев Ханболат Болатұлы: 2002 жылғы 17 ақпан
- Назарбаева Альбина Болатқызы: 7 маусым 2003 жыл
- Назарбаев Хантөре Болатұлы: 26 Қаңтар 2018 жыл
- Назарбаева Жанель Болатқызы: 2010 жылғы 3 қараша
Massaget.kz тілшісі бұл іске қатысты Республикалық нотариаттар қызметіне сауал жолдады.
Айта кетейік, егер мұра қалдырушы өсиет қалдырмаса, онда мұра заң бойынша басымдығы туыстық дәрежемен анықталатын кезек тәртібінде беріледі.
Gov.kz мәліметінше, бір дәрежедегі мұрагерлерге мүлік тең үлесте бөлінеді.
Еске салайық, Болат Назарбаев 13 қарашада сағат 09.51-де ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек