"Салиқалы ұрпақ" қорының директоры Қасым Қасабеков Болат Назарбаевтың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Болат Назарбаев тұрақты ауыр жағдайда екенін және 2015 жылдан бері онкологиялық аурудан емделіп жатқанын хабарлаймыз", - деп жауап берді Қасабеков Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына.
Ол БАҚ-тан журналистік этиканы сақтауды және Болат Назарбаевтың жеке фотосуреттерін таратпауды сұрады.
Бұған дейін БАҚ-та Болат Назарбаевтың фотосы мен видеосы жарияланған. Дереккөздерге сілтеме жасалып, дәрігерлер Болат Назарбаевтың жағдайын өте ауыр деп бағалайтыны хабарланған.
Болат Назарбаев - "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының негізін қалаушы. Қор қызметінің басты бағыттары - қайырымдылық және әлеуметтік жобалар.
"Біз азаматтық бастамаларды қолдаймыз, нақты әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды іске асыруға көмектесеміз", - делінген қор сайтында.