- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Болат Назарбаев "Барыс"...
Болат Назарбаев "Барыс" базарынан айырылды
Қарасай аудандық сотының шешімімен жалпы көлемі 37,6 гектар жер телімдерін ("Барыс" автобазары) сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, шешім 17 сәуірде жарияланған. Судья Ахметова А.Б. Қарасай ауданы прокуратурасының жер телімдерін сату туралы үлгілік шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арыздары қанағаттандырылды.
Еске салайық, прокуратура, жергілікті әкімдік және Болат Назарбаев арасындағы іс биылғы наурыздың соңында басталған еді.
2004-2019 жылдар аралығында жер телімдерін сату бойынша 7 келісімшарт жасалған. Мемлекеттік жерлер әр уақытта Қарасай ауданы, Қаскелең әкімдігіне және аудандық жер қатынастары бөліміне берілген.
Жер телімдерін беру кезінде өрескел заңбұзушылықтар болған. Сондықтан прокурорлар сатып алу-сату келісімдерін жарамсыз деп танып, мемлекет меншігіне қайтаруды талап етті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан