Болат Бекнияз қызметінен босатылды

Болат Бекнияз зейнет жасына толуына байланысты су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болат Бекнияз гидрогеология және су шаруашылығы саласында 40 жылдан аса уақыт еңбек еткен. Ол еңбек жолын 1984 жылы ҚазССР Ғылым академиясының Еңбек қызыл Ту ордені Қ.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының инженері болып бастаған.

Әр жылдары Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінде, Су ресурстары комитетінде, "Еуразиялық су орталығы" АҚ және Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары және Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының директоры болды.

Ол - география ғылымдарының кандидаты. 2024 жылы қазанда Президенттің жарлығына сәйкес Болат Бекнияз "Құрмет" орденімен марапатталды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз