• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Болат Ақшолақов лауазымынан босатылды

Болат Ақшолақов лауазымынан босатылды
Фото: gov.kz

Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Болат Ақшолақов туралы не белгілі?

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған.

1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды.

1997-2003 жылдары "Қазақойл" ҰК" ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры ретінде қызмет атқарған.

2003-2006 жылдар аралығында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор болды.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды.

2008-2011 жылдары "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры, "PSA" ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы ретінде еңбек еткен.

2012-2014 жылдары - ҚР мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылғы қыркүйектен бастап AlmexPetrochemical ЖШС бас директоры болды.

2016 жылғы ақпаннан бастап "KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі.

2019 жылдан 2021 жылға дейін KAZENERGY қауымдастығының бас директоры болып жұмыс істеді.

2019-2021 жылдары Almex Petrochemical ЖШС бас директоры.

2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы қаңтарға дейін "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ҚР энергетика министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget