- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Болат Ақшолақов жаңа...
Болат Ақшолақов жаңа қызметке тағайындалды
Болат Ақшолақов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ақшолақов Болат Оралұлы 1971 жылғы 4 сәуірде Атырауда туған.
1994-1995 жылдар аралығында - Alem Bank Kazakhstan экономисі, бас экономисі;
1995-1997 жылдар аралығында - Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің бөлім бастығы, департамент директоры;
1997-2001 жылдар аралығында - "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, департамент директорының орынбасары;
2001-2003 жылдар аралығында - Commonwealth and British Services Ltd бизнес-талдаушысы, менеджері, қаржы директоры;
2003-2006 жылдар аралығында - "ҚазМұнайГаз" ҰМК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі атқарушы директоры;
2006-2008 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;
2009-2010 жылдар аралығында - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ электр энергетикалық және мұнай-газ активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры;
2010-2011 жылдар аралығында - "PSA" ЖШС Бас директоры;
2011 жылы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ президенті;
2012-2014 жылдар аралығында - Мұнай және газ вице-министрі;
2014-2017 жылдар аралығында - Almex Petrochemical ЖШС бас директоры;
2016 - 2017 жылдар аралығында - KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры;
2017- 2019 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі;
2019 - 2021 жылдар аралығында - KAZENERGY қауымдастығының бас директоры;
2019 - 2021 жылдар аралығында - Almex Petrochemical ЖШС бас директоры;
04.2021-10.01.2022 жылдар аралығында - "Самұрық-Қазына" АҚ Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;
2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек