- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Болашақтағы" дау: ғылым...
"Болашақтағы" дау: ғылым және жоғары білім министрі пікір білдірді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығындағы дауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Саясат Нұрбек Сенат отырысында 2022 жылғы тексеріс кезінде мүліктің кепілден заңсыз босатылу дерегі расталғанын айтты. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, шенеуніктің айтуынша, қазір бұрынғы "Болашақ" стипендиаты Гавриленко соманы толығымен төлеуге міндеттелді.
""2-3 күн бұрын ("Болашақ" бағдарламасының түлегі) Валерия Гаврилиенко толық өз кінәсін мойындап, екі жақты келісімшартқа қол қойды. Сол келіссімшарттың арқасында ол бүкіл ақшаны қайтарамын деп өзіне міндет алды. Енді ("Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-дағы) жауапты тұлғаларды тиісті заңнама аясында Бас прокуратура арқылы (жауапқа тарту) мәселесін бастап кеттік", - деді Саясат Нұрбек Сенаттың жалпы отырысынан соң", - деді министр.
Сонымен қатар, Нұрбек "Болашақ"халықаралық бағдарламалар орталығының бұрынғы басшылары мен қызметкерлерін жауапкершілікке тарту бойынша жедел іс-шараларды жеделдету үшін Бас прокурорға хат жолдағанын мәлімдеді.
"Валерия Гаврилиенко ақшаны толық қайтарамын деп өзіне жауапкершілік алды, тиісті келісімшартқа қол қойылды. Ол ақшаны төлеуді бастады. Сондықтан гарант иелеріне ешқандай шағым жоқ. Біз жауап беруші 3 тарапқа шағым түсіруге мәжбүр болдық. Себебі, заң аясында олар да жауапты. Осылай істеуге мәжбүр болдық. Валерия Гаврилиенко барлық ақшаны төлесе, гарант иелеріне шағым болмайды. Менің ойымша, оларға дұрыс кеңес берілмеген. Олар қауіпті сезіп, залалды толық өтейміз деп ойланған. Бүгінде барлық шағым Валерия Гаврилиенко қатысты", - деді ведомство басшысы.
"Болашақ" экс-стипендиаты Ұлыбританиядан Қазақстанға экстрадицияланады ма деген сұраққа Саясат Нұрбек: "біз де көші-қон қызметіне тиісті сауалдар дайындаймыз", - деді.
Еске салайық, Астанада "Болашақ" бағдарламасына қатысты туындаған даудан кейін 24KZ телеарнасының кешкі жаңалықтар бөлімінің шығарушы-редакторы Наталья Воробьева мен Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің жүргізуші-модераторы, 24KZ телеарнасының бұрынғы тележүргізушісі Мақпал Дәрібаева президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек