«Болашақ» стипендиаты Рашид Аюпов Шымкент қаласы әкімі аппаратының жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысының медиа қызметі.
Рашид Аюпов – Queen Mary University of London (Ұлыбритания) оқу орнының мемлекеттік басқару магистрінің түлегі. Әр жылдары үкіметтің сектор меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығының» директоры, премьер-министр кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадрларды басқару бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Тағайындалған қызметке дейін «ҚазАльянс» шетелдегі қазақстандықтар бірлестігінің президенті болып қызмет атқарды.
Ақпарат көзі: nur.kz