- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Болашақ бүгіннен басталады...
Болашақ бүгіннен басталады – қаржыңызды цифрландыратын кез келді
Өтіп бара жатқан 2020 жыл ойламаған жерден болашаққа бірақ алып барды. Футурологтардың болжамы бойынша алыс болашақта орын алуы тиіс, адам үйінде отырып-ақ жетілдірілген технологиялар көмегімен сыртқы әлеммен қарым-қатынаста бола беретін "жаһандық ауыл" идеясының іске асуы өтіп бара жатқан жыл еншісіне бұйырды. Жұмыс, оқу, бизнес, күнделікті тұрмыс-тірлішіктің онлайн-форматқа өтуі осының куәсі.
Қаржы әлемі де тыс қалмады: біздің онлайн төлемдер жасауға үйренгеніміз соншалықты, тіпті әлдекімдер әмиянының қайда жатқанын да білмеуі мүмкін, біз енді кері оралмасымыз анық. Ақша ұстау ұқыптылық пен көп назарды талап етеді, ал цифрлық әлемде осының бәріне ATF24 мобильді банкингі жауап береді. Оны пайдаланудағы жетістік – уақыт пен әрекетті үнемдеу, өйткені бұл жерді бір-екі басып-басып қалсаңыз жеткілікті.
ATF24 көмегімен сіз ақшаңызды әрқашан бақылауда ұстай отырып, ақша қозғалыстарын ұқыпты түрде басқара алатын боласыз, осының бәрі оның пайдалы функционалы көмегімен орын алмақ:
• ақша аударымдары – өзіңізге аса қажет кезде, мысалы біреуге жылдам ақша жіберу керек болса, қажетті соманы қарызға беру немесе алу керек болғанда қаржы мәселелерін оңай шешуге көмектеседі. Сондай-ақ, шотты бөлу бойынша ыңғайлы функция қарастырылған: достарыңызбен мейрамханаға барыңыз, барлық компания үшін төлем жасаңыз, сосын телефоныңыздағы анықтама арқылы осы кешті бірге бөліскен достарыңызды таңдаңыз. Шот бойынша сома бөлінеді де, әркімге ақша аударымын жасауға сұрату жөнелтіледі, олар сізбен есеп айырысу үшін бар болғаны растауды басады.
• Қолма-қол ақшасыз төлемдер – қолданба арқылы 2400 астам қызмет түріне төлем жасауға мүмкіндік береді, оларға коммуналдық төлемдер, мобильді және интернет байланыс, білім беру қызметтері, билет сатып алу және т.б. кіреді.
• Шоттарды және карталарды басқару – кез келген уақытта өзіңіздің шоттарыңыз арасында қаражатты аударуға, айырбастау операцияларын жасауға, қауіпсіздік баптауларын жасауға, сонымен қатар қажет болған жағдайда әлеуметтік төлемдер алу үшін қашықтан арнайы шот ашуға мүмкіндік беретін кеңейтілген функционал;
• Депозитті басқару – толық онлайн-форматта ұсынылады, допозитті ашу, толтыру (сондай-ақ автоматты), ақшаны алу, үзінді және басқа қажетті ақпарат алу, бәрі қарастырылған.
• Кредитті басқару – сізде бар қарыз бойынша ағымдағы қалдық пен өтеу кестесін бағдарлау, банкке бармай-ақ қолданба арқылы төлем жасау мүмкіндігі. ATF24 көмегімен онлайн-кредит алатын да кез алыс емес.
Көптеген банк қолданбаларымен салыстырғанда ATF24 өте қарапайым әрі түсінікті интерфейсі арқылы ерекшеленеді, бұл оның басты артықшылығы. Бұл жерде бәрі оңай, қиыннан қиыстырылған ешнәрсе жоқ, ішіңізді де пыстырмайды, банк клиенттеріне тартымды болу үшін Барсик есімді анимациялық көмекші даярлап қойған және пайдалы лайфхактар және банк жаңалықтары жарияланатын стористер де қарастырылған. Кез келген сервисті пайдаланушы осыны растайды!
Серіктес материалы
Н. Үсенова