«Болашақ» бағдарламасына қатысуға үміткерлерге 2 жылдық еңбек өтілі туралы қойылған талап алып тасталды. Қазақстан Үкіметінің сәйкес қаулысы 2016 жылғы 4 қазаннан бастап күшіне енді. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Қаулыға сәйкес «Болашақ» бағдарламасында «өз бетінше түскендер» санаты бойынша үміткерлер үшін екі жыл жұмыс өтілінің болуы туралы талап алынып тасталды.
«Осылайша, екі жыл жұмыс өтілі жоқ, «өз бетінше түскендер» санаты бойынша үміткерлер «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар тапсыруға құқылы», - деп түсіндірді Халықаралық бағдарламалар орталығында.
Бұған қоса, осы қаулыда үміткерлердің барлық санаттары бойынша «Болашақ» стипендиясы шеңберінде шетелде академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту қорытындысы бойынша одан әрі үзіліссіз үш немесе бес жыл:
- өз бетімен түскендер үшін – Қазақстан Республикасының ұйымдарында не жарғылық капиталдағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарда;
- ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, тағылымдамаға үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері үшін – саланың басқа ұйымдарында не жіберетін ұйымның негізгі қызметіне ұқсас қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;
- мемлекеттік қызметшілер үшін – Республикалық комиссияның шешімі бойынша, бос жұмыс орындары болған жағдайда – Қазақстан Республикасының ұйымдарында, сондай-ақ акциялары немесе жарғылық капиталдағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндігі кеңейтілді.