Бокстан ұлттық құраманың жаттықтырушысын атып өлтірді

Бішкектегі бокс залдарының бірінде бейтаныс біреулер бокстан Қырғызстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Жылдызбек Ниязалиевті атып кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөз кісі өлімі 10 қазанда 7-шағынаудандағы үйлердің бірінде болғанын айтты.

Бапкер жұмыс істейтін бокс залына қолында автоматтары бар бейтаныс ер адамдар кіріп, оған және көмекшілеріне оқ жаудырған. Салдарынан Жылдызбек Ниязалиев сол жерде көз жұмды. Оның екі көмекшісі жарақат алды. Шабуыл жасағандар қашып кеткен. 

Дереккөздің айтуынша, зал – бокстан әлем және Еуропа чемпионы, Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Орзубек Назаровқа тиесілі.

Бокс клубының Instagram-дағы парақшасында бүгін, 10 қазанда кешке бокс залы "белгісіз мерзімге жабылды" деген хабарландыру жарияланды.

Ақпарат толықтырылып жатыр...

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!