- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бокстан ұлттық құрама...
Бокстан ұлттық құрама Олимпиада қарсаңындағы соңғы жарысқа қатысады
Фото:
olympic.kz
Бокстан Қазақстан құрамасы Астанада өтетін "Елорда кубогіне" дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәстүрлі халықаралық турнир 13-18 мамыр аралығында өтеді. Аталған сында ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары түгел қатысады.
Қазіргі таңда Мырзағали Айтжанов шәкірттері Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы жеті салмақтың алтауында Олимпиада жолдамасын еншіледі. 63,5 келі салмақтағы Париж квотасында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы таласады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан