Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта Сабыржан Аққалықов 4:1 есебімен басым түсті. Екінші және үшінші раундта да басымдығын сақтап қалған қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) алтын алса, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) күмістен алқа тақты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!