Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Валентина Хальзова Олимпиаданы алғашқы кездесуден соң аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әйелдер арасында 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Хальзова бірінші айналымда панамалық Атейла Байлонмен кездескен болатын.
Алғашқы раундта қазақстандық спортшы 3:2 есебімен алда тұрды. Екінші раундта төрешілер Атейлаға ескерту беріп, ұпайын алып тастады. Соған қарамастан, бұл кезеңде де панамалық боксшы 4:1 есебімен ұтты.
Ал шешуші раунда Байлон тағы да 4:1 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті. Қазақстандық боксшы болса, жарысты аяқтады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!