Боксшы Нұрбек Оралбай “Қазақ аруы“ Ақкербезбен арақатынасы жайлы сырды ашты

Боксшы Нұрбек Оралбай “Қазақ аруы“ Ақкербезбен арақатынасы жайлы сырды ашты
Фото: Massaget.kz коллажы

Париж Олимпиадасының финалисі, боксшы Нұрбек Оралбай мен "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы Ақкербез Ысқаққызының араласуы көптің назарын аударды. Боксшы жұртты алаңдатқан сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы ол "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

Боксшы жеке өмірі жайлы сырын ақтарды. Бағдарламаға хабарласқан көрермен Нұрбек Оралбай мен Ақкербез Ысқаққызының арасында не бар екенін тіке сұрады. 

"Елдің бәрі соны айтып жүр ғой. Онымен жүрмеймін, сөйлеспеймін. Бұйырғанын көрерміз", - деп жауап берді ол. 

Нұрбек Оралбай келесі жылы үйленгісі келетінін айтты. Оның бұл ниетіне бауыры Айбек Оралбайдың отбасылық өмірі әсер еткен. 

"Айбектің отбасына қарап, қызығамын. Баласы бар ғой. Еркелетіп, ойнатамын. Менің де балам болса деп армандаймын. Бұйырса келесі жылы үйленгім келеді. Солай жоспарлап отырмын. Десе де, спортты ұмытпаймын ғой. Келесі Олимпиадаға дайындықты бастап кеттік. Мен ғана емес, команда болып алтын әкелеміз", - деді "краш" боксшы. 

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай - 2023 жылы Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы. 2024 жылы Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Нұрбек 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды. Ол финалда украиналық боксшы Александр Хижнякқа есе жіберген еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Литпин