Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
Бағлан Кенжебек 55 келіде бірінші айналымда Армения спортшысы Жирайр Саргсиянмен жұдырықтасып, 2:3 есебімен қарсыласына есе жіберді.
Еске салайық, жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасынан бес боксшы шаршы алаңға шықты.
Қазақстан құрамасының екі өкілі жарысты ерте аяқтады. Ал үш спортшы Әлем кубогын жеңіспен бастады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова