Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Таиландта өткен кәсіпқой бокс кешінде чемпион атанды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Боксшы Бангкокте өткен кәсіпқой бокс кешінде IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иеленді.
Спортшы қыз аргентиналық Дебора Анаи Лопеспен жекпе-жек өткізді. Кездесу екі минуттан 10 раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасты. Төрешілердің шешімімен Қазақстан боксшысы жеңіске жетті.
"Қазақстан тарихында алғаш рет. Әйелдер боксында ең ірі жеңіс. Мен WBO тұжырымының төрт дүркін чемпионы – аргентиналық боксшыны жеңдім және IBO чемпиондық титулын иелендім. Мен өте бақыттымын", – деп жазды Ангелина Лукас әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бұл қазақстандық спортшының кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісі. Ангелина Лукас тек бір-ақ рет жеңілген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!