Алматыда полицейлер Терренкур аллеясында әйелге тиіскен шетелдікті қамауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі almaty.police-ке сілтеме жасап.
Ер адам бейтаныс әйелге қатысты ерсі қылық көрсетіп, оның бөксесінен ұстаған. Оқиғаға Қазақстанға жақында ғана келген шетелдік туристің қатысы бар болып шықты.
Медеу ауданының полицейлері құқықбұзушыны ұстады. Сот шешімімен ер адам 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, полиция шетелдіктің Қазақстан аумағында одан әрі жүру мәселесін қарастыру үшін сотқа материалдар жолдады.
"Заң бәріне ортақ. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын бұзатын кез келген әрекетке принципті құқықтық баға беріледі", - деп атап өтті полиция өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!