Бокс федерациясы қызметінен босатылған Мырзағали Айтжановқа шапан жапты

Бокс федерациясы қызметінен босатылған Мырзағали Айтжановқа шапан жапты
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстан бокс федерациясы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде көптеген жарыстарда жүлде салған Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз", - деді іс-шарада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Қазақтың дәстүрі бойынша, Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жауылып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Еске салайық, бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары толығымен жұмыстан шеттетілген еді. Оның ішінде ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов және өзге де мамандар бар.

Ал оның орнына бокстан Қазақстан ерлер құрамасына Қайрат Сәтжанов бас жаттықтырушы болып тағайындалды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан