Алматыда жантүршігерлік жол апатына қатысты сот отырысы тікелей эфирден көрсетіліп жатыр. Сот отырысында сотталушы Ахметжанов автобус ішіндегі жағдайды баяндап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жүргізуші Шөкебаева мен кірген кезде автобустың ішіндегі отырған басқа адамдарға боғауыз сөз айтты. Көпірдің үстінде мен "осы жерден түсір" деп айтпадым. Ақыл-есім түзу, қауіпті жерде "осы жерден түсір" деп айтуым мүмкін емес. Бұл кісіге "аялдамадан түсіріңіз" деген едім, ол "жоқ, сен түспейсің, жолақысын қолма-қол төле, болмаса түспейсің" деді. "777" аялдамасынан түсетінімді айттым. Ол алдыңғы есікті ашпады, артқы есіктен түспекші болғанда жауып тастады. Айтқаныма құлақ аспады", - деді сотталушы Ахметжанов.
Сондай-ақ, ол көлік жүргізушісінің жалған айып таққанын да айтты.
"Ол аялдамадан түсірмей қойған кезде жағдайымды түсіндірдім. Көлік жүргізушісі "алдында да жолақысын төлемедің" деп жалған айып тақты. Автобусқа алғаш мінгенімді айтқан едім. "Қойшы" деп айтты", - деді ол
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!