Заңда "инфлюенсер" түсінігі бекітілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым кулуарда айтқан болатын. Яғни блогерлер жазбасы жарнама екенін белгілеп, ол үшін салық төлеп отыруы қажет. Бұл ұсыныс жайлы заңгерлер не ойлайды? Massaget.kz тілшісі заңгер Думан Көпбаевтан ойын сұрады.
Заңгер кез келген қызметтен түсетін табысқа салық салу қажет екенін айтады.
"Көптеген блогер өздерінің Ақпараттық өнімдерін сатудан ақша табады: әртүрлі курстар, марафондар және тағы басқа. Бірақ мұндай табысқа салық төлеу керек пе? Әрине, кез келген басқа кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс сияқты қажет. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек", - дейді маман.
Думан Көпбаев кодексте қандай талаптар барын түсіндірді.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабының 2-тармағына сәйкес Жеке Кәсіпкер ретінде міндетті тіркеуге мынадай шарттардың біріне жауап беретін жеке тұлға жатады:
"Әдетте, блогерлердің көпшілігі осы шарттарға жылдық кірісі бойынша да, жалдамалы жұмысшылардың (аккаунт менеджерлері, SMM мамандары және т.б.) болуы бойынша да жатады. Сонымен, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп салық төлеулері қажет", - дейді заңгер.
Маман салық мөлшері табыстың 10 пайызынан кем болмауы керегін айтады.
"Депутаттар қозғап жатқан мәселе бойынша, блогерлер салық төлеуі керек деп есептеймін. Олар қыруар қаржы тауып жатыр. Сондықтан Қазақстан Республикасының азаматы ретінде салық төлеуі керек. Екіншіден, сол блогерлерді әлдекімдер басқа біреуді қаралау мақсатында қолдануы мүмкін. Сондықтан қаралау, жалған ақпарат, таратқандар үшін Қылмыстық кодексте блогерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жазасын да қолданған дұрыс деп ойлаймын", - дейді заңгер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!