Блогерлерді тағы бір әрекеті үшін жауапқа тарту ұсынылып отыр

Блогерлерді тағы бір әрекеті үшін жауапқа тарту ұсынылып отыр
Фото: Midjourney

Қазақстанда онлайн казино жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында оқырманы көп отандық блогерлер оңай ақша іздеп, онлайн құмар ойындарды белсенді түрде жарнамалап, оған азаматтарды тартып жатқанын айтты.

"Осындай 37 адам анықталып, 18-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың басым бөлігі бұл қадамға білместіктен емес, мақсатты түрде барады. Құмар ойындарды жарнамалауға қатысты жауапкершілік болмауы жағдайды қиындатып отыр. Осыған байланысты қаржы пирамидасына ұқсас онлайн казиноларды жарнамалауға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз", - деді Қайрат Бижанов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget