- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Блогерлер күзетшінің өліміне...
Блогерлер күзетшінің өліміне себеп болды: полиция видеоға түсінік берді
Атырау облысының полиция департаменті Желіде тараған екі адамның Атыраудағы мемлекеттік мекемелердің бірінің күзетшісімен жанжалдасқан сәті түсірілген видеоға қатысты түсінік білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода оқиғаға блогерлер мен қауіпсіздік қызметкерінің қатысы бар екені айтылған. Оларды ғимаратқа кіргізбей, ауызша жанжалдасып қалған.
Кадрлардан олардың ер адамды: "Сен қаңғыбассың", "Сен кімсің өзі?", "Сен еркек емессің" деп, балағаттап жатқанын естуге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиғадан кейін күзетшінің жағдайы күрт нашарлағаны белгілі болды. Оған жедел жәрдем шақырылған, бірақ ол миына қан құйылып, қайтыс болған.
Желіде 56 жастағы ер адамның үш баласы бар екенін, ал оның әйелі блогерлерді қылмыстық жазаға тартпақ ойы бар екені айтылып жатыр. Сондай-ақ "Мемлекеттік сараптама орталығы" жанжалға қатысы барлардың үстінен полицияға арыз түсіргені белгілі болды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Атырау полиция департаменті желіде жарияланған жазбаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта барлық мән-жайы анықталып жатыр. Алайда бұған дейін полицияға бұл факті бойынша ешқандай арыз түспегенін хабарлаймыз", - деп хабарлады ведомство.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан