“Блогерлер “екінші сот“ болмауы керек“ - сарапшы Шерзат ісі туралы

Прокуратура органдарының ардагері Хатиша Жұмағұлова Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында Шерзат Болаттың  өліміне қатысты іс бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарапшының айтуынша, қылмыстық іске қатысты шу - әрқашан сот пен тергеу үшін сынақ.

"Прокуратура органдарында ондаған жыл жұмыс істеген адам ретінде сот процесінің объективтілігін қамтамасыз ету сот төрелігінің негізгі қағидаттарының бірі деп айта аламын. Судьялар көшедегі комментаторлар емес. Олар дәлелдерге сүйене отырып шешім қабылдайды. Кінәсіздік презумпциясы, іс жүргізу кепілдіктері, сот бақылауы бар", - деді ол.

Хатиша Жұмағұлованың айтуынша, процестің тараптары, яғни тергеушілер, адвокаттар, прокурорлар сыртқы қысымға берілмеуі және заң бойынша жұмыс істеуі өте маңызды.

"Әрине, көпшіліктің назары эмоционалды жағдайды күшейтуі мүмкін. Бірақ тәжірибеме сүйеніп айтайын, судьялар мен тергеушілер мұндай істерде процедураны қатаң сақтайды. Судьялардың тәуелсіздігіне Конституция кепілдік береді, соттың қызметіне араласу - қылмыстық жауапкершілік".

Сарапшы қоғамның әсері турасында мынадай пікір білдірді:

"Цифрлық дәуірде әлеуметтік желілер мен блогерлер арқылы қоғамдық пікірдің әсері айтарлықтай өсті. Алайда заң тұрғысынан сотқа, куәгерлерге, жәбірленушілерге немесе айыпталушыларға кез келген қысымға жол берілмейді".

Хатиша Жұмағұлова азаматтық қоғам бұл жүйені тек заң аясында бақылауы керек екенін айтты.

"Блогерлер "екінші тергеу немесе сот" болмауы керек. Блогер біреуді дәлелсіз айыптайтын видео немесе жазбалар жариялай бастағанда, бұл әділеттілікке кедергі келтіруі мүмкін. Қылмыстық іс ток-шоу емес", - деді ол.

Ардагер прокурор қорытынды жасауға асықпауға және сотты құрметтеуге шақырды.

Шерзат ісі бойынша сот отырысы

2025 жылы 10 cәуірде Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы тікелей эфирден көрсетіледі.

Бұған дейінгі сот отырыстарында жәбірленуші тарап өкілдері, яғни марқұмның әжесі, ата-анасы, одан бөлек куәгерлер, айыпталушылар сөйледі.

Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?

Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

"Қазақ болып күресеміз". Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды. 

Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар 

Кейін Шерзаттың ағасы да өлі табылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!