Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков жуырда "ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған" блогерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеуніктің сөзінше, қазір құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр.
"Бұл тек заң аясында шешіледі. Біз тергеу органы емеспіз. Сол дерек болды. Құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Әрі қарай кім ақ, кім қара екені сот шешімімен айқындалады", - деді әкім ОКҚ-да өткен брифингте.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталғаны хабарланды.
Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова